ТОО «Үздіксіз кәсіби даму орталығы»

ҮКДО кешенді семинар-тренинг өткізді

Үздіксіз кәсіби даму орталығының» оқытушысы №1 қалалық емханасының қызметкерлеріне 24.03 – 28.03 аралығында BLS базалық реанимациясы,

ACLS кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы, PALS педиатриясындағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы, PHLS жарақаттары кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету бойынша кешенді семинар-тренинг өткізді.
Алғашқы көмек-бұл адам өмірін құтқару, шұғыл жағдайлар кезінде асқынулардың алдын алу үшін, сондай-ақ шұғыл жағдайлар кезінде зардап шеккен адамның денсаулығы мен өміріне қауіп-қатерді азайту мақсатында, оқиға орнында зардап шеккен адамның өзі (өзіне-өзі көмек көрсету) немесе жақын жердегі басқа адам (өзара көмек) медициналық қызметкерлер келгенге дейін жүргізетін жедел базалық іс-шаралар кешені.