ТОО «Үздіксіз кәсіби даму орталығы»

BLS бойынша оқыту (негізгі реанимация)

«Үздіксіз кәсіптік дамыту орталығының» ЖШС ұйымдастыруымен 18.03.2024-27.03.2024 ж. аралығында №12 Шымкент қалалық емханасының базасында «Базалық реанимация (BLS)» бағдарламасы бойынша 8 сағат курс өткізіліп, белгіленген үлгідегі сертификаттар берілді.
Оқыту семинарын Galilee Mc (Израиль) сертификатталған Израильдік оқыту орталығының тәжірибелі нұсқаушысы, жоғары санатты дәрігер (анестезиолог-реаниматолог) Мауленова Жанар Заманханқызы жүргізді.
Бүгінгі таңда №12 қалалық емхана базасында 480 адам оқудан өтті, оның ішінде медицина қызметкерлерінен басқа, жүргізушілер, санитарлар, ТБ мамандары және т. б. бар.