ТОО «Үздіксіз кәсіби даму орталығы»

БМСК деңгейінде онкологиялық аурулардың алдын алу және скринингтік бағдарламалар мәселелері

2024 жылдың 16 қыркүйек пен 21 қыркүйек аралығында №7 Шымкент қалалық емханасының базасында БМСК деңгейінде қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау бойынша дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында «БМСК деңгейінде онкологиялық аурулардың алдын алу және скринингтік бағдарламалар мәселелері» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру циклі өткізілді.

Оқытуды медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер онколог Дәукенов Болат Бекжігітұлы жүргізді.

Оқу циклі бір апта ішінде ЖТД дәрігерлердің, орта медицина қызметкерлерінің, БМСК тексеру кабинеттерінің қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді, адам саны 30, оқу 60 сағат/кредиттік.

Статистикалық деректерді көрсете отырып, жатыр мойны обырын (ЖМО), сүт безін (СБ) және колоректальды обырды (КО) ерте анықтау бойынша скринингті ұйымдастыру мәселелері жеке қаралды.

Арнайы бөлімге ЖМО, СБ, КО клиникасы мен диагностикасы және БМСК деңгейіндегі диагностика әдістері енгізілді.